Қала әкімдігі «ҚазАқпарат» ХАА-ның сауалына берген жауабында айтылғандай, қазір Астанада үш балалар стационары бар, олардағы науқасты қабылдайтын бөлмелер 98 пайызға жабдықталған. Жыл сайын қалада жергілікті бюджет есебінен материалдық-техникалық жарақтандыру іске асырылып жатыр.
Сонымен қатар балалар травматологиялық пунктінің жүктемесін азайту бағытында №2 қалалық көпсалалы ауруханасының базасында тиісті қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы жүріп жатыр.
«Мұнымен қоса, Астана қаласының Есіл және Нұра аудандарында жұмыс істеп тұрған ауруханаларға жүктеменің артуына және балалар санының өсуіне байланысты жаңа балалар (№4) ауруханасының жобасы пысықталып жатыр», - делінген әкімдік мәліметінде.