Сонымен, ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Есіл ауданының судьясы лауазымына Жанна Рамазанова, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьялары лауазымына Әлия Қасымова, Лаура Сейітмұхамбетова, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымына Гүлсім Ищанова тағайындалды.
Жаңа тағайындалған судьялар ант қабылдап, ҚР Конституцияға, заңдарға бағына отырып, әділ сотты жүзеге асыруға, тура, әділ болуға ант берді.
Жиын соңында сот төрағасы олардың жұмыстарына табыс тілеп, өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға тілектес екенін айтты.