Астанада жаңажылдық отшашу болады
АСТАНА. KAZINFORM – Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Жаңа жыл түнінде отшашу болады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
- 31 желтоқсанда отшашу жоспарланған. Кеше ғана қаладағы 30-дан астам қоғамдық кеңістікте шыршалардың шамы жағылды. Қала Жаңа жыл мерекесін өткізуге дайын. Отшашу болады, - деді Жеңіс Қасымбек орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, 18 желтоқсанда Астанада 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды.
«Астана Арена» стадионының аумағында қаланың басты жаңажылдық шыршасын жағуға арналған салтанатты іс-шараға мыңнан астам адам жиналды.
Еске сала кетейік, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай елордада мерекелік отшашу болмады.
Бұған дейін Жеңіс Қасымбек елордада кептеліс проблемасы қалай шешіліп жатқанын айтты.