АСТАНА. KAZINFORM – Елордада жол жөндеу жұмысына байланысты 16 мамыр сағат 21:00-ден 18 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл ретте қозғалыс жолдың бір бағыты бойынша ашық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада бірнеше көше уақытша жабылатынын жазғанбыз.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.