«Елорда тұрғындарының Жаңа жыл мерекесі күндері ірі сауда нүктелері мен ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 13-тен астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Дәлірек айтқанда, автобустардың саны арттырылады. Сондай-ақ, аталған бағдарлардың жүру интервалы 13-тен 9 минутқа дейін қысқарады.
Осылайша, №№ 2, 8, 9, 10, 11, 12, 19, 33, 37, 39, 40, 51, 71 бағдарлар қысқартылған интервалмен қатынайтын болады. Тұрғындарға қосымша 48 автобус қызмет көрсетеді.