«Дәстүрге айналған бұ жарыс бірнеше жыл бойы өткізіліп келеді. Қазіргі уақытта шараға 300-ге тарта қатысушы жиналды. Алайда меніңше, шаңғы жарысына қатысуға ниет білдіретіндердің саны әлі де болса арта түсетін секілді. Жарыстың басты мақсаты - саламатты өмір салтын насихаттау»,- деді шаңғы спортынан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Старостин.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын жарыстың танымалдылығы мен оған қатысатын адамдардың да саны артуда.
Жарыс бірнеше жас шамасындағы топтар арасында өткізілуде. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.