Астанада жаңажылдық жәрмеңке өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «RadissonAstana» қонақүйінде Астана әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жаңа жыл көрмесі - NewYearExpo» мерекелік өнімдердің жаңажылдық қайырымдылық көрмесі ашылды.

Жаңажылдық көрме бір алаңға 50-ге тарта өндірушілерді,- шырша әшекейлеріне, жаңажылдық өнімдерге, карнавалдық киімдерге және заттарға, ыдыстарға, үстел салтанатына арналған бұйымдарға тапсырыс берушілер мен оларды жеткізушілердің басын қосты. Бұл астаналықтар мен қала қонақтары үшін басты отбасылық мерекеге жақсы әзірленуге және жаңажылдық мерекелік көңіл-күйге бөленуге жақсы мүмкіндік.

Көрменің қайырымдылық бөлігі картиналар бәссудасын және көркемсурет студиясымен бірлесе отырып, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері жасаған жұмыстарды сатуды қамтиды.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көрме-жәрмеңке ауқымында келушілерге зор сатылым ұйымдастырмақ. Қонақтар жәрмеңкеде 21 желтоқсанда таңғы сағат 10-нан кешкі 8-ге дейін бола алады.