Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал. Ауа температурасы күндіз 16... 18°С, түнде 11... 13°С болады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады.
28 маусым, сейсенбі күні күн жаңбырлы болады, күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 21... 23°С, түнде 10... 12°С болады.
Сәрсенбі күні бұлтты болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 18... 20°С, түнде 13... 15°С болады, деп жазады astana.gov.kz.