Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 24 шілде күні бас қалада күн жаңбырлы болады, ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріледі, күн ала бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады және күн күркірейді деп күтілуде. Солтүстік батыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды. Түнде де күн күркіреуі ықтимал, ауа температурасы 15-17 жылы.
Астанада 26 шілдеде күн ашық болады деп болжанып отыр. Ал 25 шілде, бейсенбіде күн жаңбырлы, ауа температурасы 28 градус ыстық, аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде.