Астанада және 13 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның 13 облысында және елордада қолайсыз ауа райы күтілуіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болжануда.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде және күндіз кей жерлерде жаңбырдың қарға ауысуы күтіледі. Шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман, күндіз оңтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, түнде тұман күтіледі. Таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с. Батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде батысында және солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз батысында және шығысында желдің күші 15-18 м/с жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында күндіз жаңбырдың қарға ауысуы болжанған. Түнде және таңертең шығысында тұман күтіледі. Түнде батысында және шығысында жер бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында түнде батысында және оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болжануда.
Павлодар облысында жел солтүстіктен соғады. Күндіз оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с күшейеді. Солтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде және шығысында түнде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаңбырдың қарға ауысуы күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында тұман болады.
Түркістан облысының таулы асуларында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Мамандар ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.