«19 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Астана қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей уақыттары 18 м/с-қа жетеді. Күндіз дауылды желге бұрқасын қосылады», - делінген синоптиктердің таратқан хабарламасында.
Бұған дейін хабарланғандай, 17-19 наурыз күндері аралығында ауа температурасының жылынуына және күтіліп отырған жауындарға байланысты Алматы облысының аласа таулы аумақтарында қар еріп, жергілікті жерлерде өзендер арналарынан тасып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.