«22 ақпанда Ақмола облысында ауа температурасы -20;-25 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде -30 градус аяз болады. 23-24 ақпанда түнде -30;-35 градус, кей жерлерде -38 градус аяз болады», - делінген ведомство ақпаратында.
Бүгін күн бұлтты, қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз -11;-13 градус суық болады, түстен кейін ауа температурасы төмендейді.
Ертең, 23 ақпанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -30;-32°С, күндіз -25;-27°С болады.
Дүйсенбі күні, 24 ақпанда елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -33;-35°С, күндіз -23;-25°С болады.