Астанада сенбі күні тұман түседі, көктайғақ болуы сақталады. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, 5-6 желтоқсан күндері - кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, солтүстік-батыстан және оңтүстік-батыстан ескен желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
5 желтоқсанда Оңтүстіңк Қазақстан, Жамбыл облыстарында жауын шашы күндіз кей жерлерде күшейе түседі, 5-6 желтоқсан күндері оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетіп, ұйтқуы 30 м/с-тан асады.