Астанада және Қазақстанның төрт облысында жел күшейіп, кей жерлерде күн суытатыны туралы ескерту жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада және Қазақстанның төрт облысында жел күшейіп, кей жерлерде күн суытатыны туралы ескерту жасалды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Астанада 19-20 наурыз күндері оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, көктайғақ болады.

Ақмола облысында кей жерлерде жаяу борасын жүріп, көктайғақ болады, өңірдің басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің күші, 15-20, кей жерлерде ұйтқуы 23-28 м/с-қа жетеді.

19-20 наурызда түнде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің күшеюі сақталады, 18-20 наурыз күндері Жамбыл облысында ауаның температурасы 0 градустан 5 градусқа дейін суытады.