АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Ауа температурасының төмен болуына байланысты Астанада, сонымен қатар Қарағанды мен Павлодар облыстарында жолаушылар және дизельді автокөліктер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылды.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында дизельді автокөліктер үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыстарға шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарламасында қаңтардың 17-і күні түнгі 22:15-тен - Астанада, 20:30-дан - Қарағанды облысында, 21:40-тан - Павлодар облысында және 11:20-дан Солтүстік Қазақстан облысында жол қозғалысының жабылғандығы айтылған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.