Астанада және үш өңірде жел күшейіп, бұршақ жауады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның астанасы мен тағы үш өңірде күшті жел болып, найзағай ойнап, нөсер жауын жауады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Астанада 27-29 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. 27 маусым күні күндіз жел көтеріледі. 27-29 маусым аралығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15 метр болатын жел соғады.

Амқола облысында 27-29 маусым аралығында кей жерлерде солтүстіктен және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Екпіні 25 метрге жетіп қалады. Кей жерлерде найзағай ойнап, күндіз жел күшейуі ықтимал. Кей жерлерге нөсер жауын жауады.

Қарағанды облысында 27-29 маусым аралығында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында 27 маусым күні күндіз солтүстіктен жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.