Астанадағы Ақбұлақ өзенінің жағалауындағы мұз айдынында қала тұрғындарын жаппай мәдени - спорттық серуенге шақыратын «Қысқы ертегі» мерекелік шарасы өтеді.
Онда Алматы ауданының ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама, конкурстар мен ойындардар өткізіліп, жеңімпаздарына сыйлықтар табысталады.
Қыс мерзімде қала халқы мен қонақтарының көңіл-күйін көтеріп, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін «Президент», «Жерұйық» саябағы мен «Оқушылар сарайы» алдындағы алаңда қысқы демалыс орындары, соның ішінде мұз айдандары мен сырғанау алаңдары пайдалануға беріледі. Сондай-ақ EXPO аймағында да мұз айдыны ашылған болатын.