«Астанадағы «Фирма Стальной союз» ЖШС құрылыс нысанында 2011 жылдың 2 шілдесінде орын алған жазатайым оқиғаның нәтижесі - матаушы Думан Рамазановтың бандажы үзіліп, үстіне 8 тонналық темір балка құлаған соң, ол төсекке тартылып, мүгедектік алған. Жұмыс беруші болса, зақымданғанға тек бірінші қажет көмек көрсетіп, бар кінәні жұмыскерге салмақшы болды» делiнген хабарламада.
Федерацияның өкілі Альфия Пересунько жәбірленген отбасыға кеңес беріп, олардың қандай құқықтары бар екенін түсіндіріп берді. Сонымен қатар, емделуге және өндірістік жарақат алғаннан кейінгі шығындарды өтеу жөнінде Алматы аудандық сотына жүгінген арызданушының сот ісіне қатысты.
Жәбірленген жақтың адвокатына ҚРКФ өкілінің берген кеңестерінен соң және де сот отырысында денсаулықты қалыпқа келтіру бойынша төлемдерді өтеу жөніндегі мәселелерді анықтап берген соң, сот жәбірленген жақтың пайдасына шешім қабылдады.
Сот жәбірленуші Д.Рамазановтың арызының талаптарын ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, жұмыс беруші «Фирма Стальной союз» ЖШС-ті емделуге арналған қосымша 862611 теңге қаражатты төлеуді міндеттеді.
Зардап шеккен Д. Рамазановқа медициналық - әлеуметтік сарап 2011 жылы бірінші топтық мүгедектікті және 100 % еңбекке жарамсыздықты айқындады. Бірақ, оған, не оның жұбайына мүгедектік айқындалғаннан кейін де оларға қосымша сақтандыру төлемдері тиесілі екенін ешкім түсіндірмеді.
Кәсіподақ өкілі жәбірленішуге 2000 АЕК көлеміндегі бір реттік төлемді алуға құқығы бар екенін анықтап бергеннен соң, оның жанұясы өзінің табыскерінің емделуі мен денсаулығын қалыпқа келтіруі үшін 3,2 миллион теңге көлемінде қаржыны алып үлгерді.