«Электр қуатының өшірілуіне байланысты қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша, барлық магистралды жол қиылыстарына кезекші полицейлер қойылды. Осылайша қазір жолдағы қозғалысты полиция қызметкерлері өздері реттеп жатыр. Сондай-ақ кейбір қиылыстарға генераторлар қойылды»,-деп хабарланды Астана қалалық Полиция департаментінен.
Осыған дейін желідегі апат салдарынан елордада жарық сөнгенін хабарлаған болатынбыз.