Еске салайық, Жамбыл облысының тауар өндірушілері жәрмеңкеге 315 тонна өнім әкеледі. Ал «Хан шатыр» СОО аумағында өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Павлодар облысынан 100-ден аса кәсіпкер қатысады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 90 тонна ет және ет өнімдері, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс және 150 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылады.
16:01, 23 Қыркүйек 2016
Астанада жәрмеңкеге байланысты Кенесары көшесінде қозғалыс шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-25 қыркүйекте Жамбыл облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізуге байланысты Кенесары көшесінде Бейбітшілік көшесі бағытында қозғалыс шектеледі және «Sine Tempore» СҮ жанындағы жол жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.