Астанада жәрмеңкелер маусымы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 13-і күні Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, биыл ЭКСПО - 2017 көрмесінің ашылуына байланысты Астанадағы жәрмеңкелер маусымы ерте басталғалы отыр. 13-14 мамыр күндері өтетін алғашқы жәрмеңкеде Оңтүстік Қазақстан, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Үш облыс Астанаға 300 тонна азық-түлікті жеткізбекші. Соның ішінде ет, көкөніс, сүт өнімдері, балық, жұмыртқа, шұжық өнімдері және тағы басқа тауарлар бар. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, жәрмеңкеде сатылатын өнімдердің бағасы 15-20 пайызға арзан болады. Жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешені жанында өтеді. Жалпы, Астанадағы жәрмеңкелер қазан айына дейін жалғасады.  

№ п/п

Аймақтар

Өтетін күні

1.      

Оңтүстік Қазақстан,  Атырау, Батыс Қазақстан облыстары

13-14 мамыр

2.      

Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облыстары

27-28 мамыр

3.      

Атырау, Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстары

3-4 маусым

4.      

Атырау мен Жамбыл облыстары

10-11 маусым

5.      

Атырау, Алматы мен Ақтөбе облыстары

17-18 маусым

6.      

Атырау, Қарағанды, Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облыстары

24-25 маусым

7.      

Атырау, Жамбыл, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстары

1-2 шілде

8.      

Атырау, Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстары

8-9 шілде

9.      

Атырау, Ақмола, Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстары

15-16 июля

10.                        

Атырау, Ақтөбе, Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облыстары

22-23 шілде

11.                        

Атырау, Қарағанды мен Жамбыл облыстары

29-30 шілде

12.                        

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Қызылорда облыстары

5-6 тамыз

13.                        

Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстары           

12-13 тамыз

14.                        

Атырау, Ақтөбе, Жамбыл мен Батыс Қазақстан облыстары

19-20 тамыз

15.                        

Атырау, Қарағанды, Қостанай мен Жамбыл облыстары

26-27 тамыз

16.                        

Атырау мен Ақмола облыстары

2-3 қыркүйек

17.                        

Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары

9-10 қыркүйек

18.                        

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары

16-17 қыркүйек

 

19.                        

Атырау мен Қарағанды облыстары

23-24 қыркүйек

20.                        

Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облыстары

30 қыркүйек -1 қазан