Астанада жас ақындардың «Тарих пен тіл тамырлас» мүшәйрасы өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Тілеп» қобыз сарайында Қазақстан халқының Тілдер күні аясында «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Жалпы 50 астам үміткер байқауға қатысуға ниет білдіріп, өз шығармаларын жолдады. Қазылар алқасының іріктеуінен 10 ақын қорытынды кезеңге жолдама алды. Мүшәйраға Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Өскемен және т.б. қалалардан жас ақындар қатысты. Мүшәйра жеңімпаздары дипломдармен және арнайы бағалы сыйлықтамен марапатталады, ал үздік деп танылған осы 10 ақынның шығармалары арнайы жинаққа енгізіледі. Жыр додасына танымал ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері шақырылды. Жыр кешін ақын Қалқаман Сарин жүргізеді. Мүшәйра барысында марапаттау салтанатымен қатар, белгілі әншілер Клара Төленбаева, Ибрагим Ескендір т.б. өнер көрсетеді.