Полиция қызметкерлері белгісіз әйелді секірмеуге үгіттеп, ақыры уәжге тоқтаған әйел райынан қайтып, терезеден түсті. Қазір ол медициналық қызметкерлердің қарауында. Бұл биылдыққа орын алған алғашқы оқиға емес. Бір ай бұрын жасөспірім қыз балконнан секіруге әрекет жасағанмен, полицейлер құтқарып қалды. Ал 1 апта бұрын қаланың сол жағалауында орналасқан үй үстінен бір әйел секіріп, бақилық болған.