Ақтық сында елордалық мектептерден 6 топ күш сынасты. «Алматы» ауданы бойынша ТЖ басқармасының атынан №30 мектеп-лицейі мен №56 орта мектебі қатысты. Ал №28 және №20 орта мектептердің құрамалары «Сарыарқа» ауданы бойынша, №66, №59 орта мектептің құрамалары «Есіл» ауданы ТЖ басқармасының намысын қорғады.
Жарыстардың қорытындылары бойынша «Сарыарқа» ауданына қарасты №20 орта мектебінің құрамасы жеңіске жетті, «Алматы» ауданының №30 мектеп-лицейі екінші орынға, «Есіл» ауданының №66 орта мектебінің құрамасы үшінші орынға ие болды.
Ал «Ең үздік шығарма» конкурсында №30 мектеп-лицейі, «Ең үздік сурет» конкурсында №20 мектеп-лицейінің құрамасы топ жарды.
Спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушыларына медальдар, құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Шара балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын-алуға, оларды ТЖ болған кезде әрекет етуге үйретуге және құтқарушылардың қызметтерімен таныстыруға бағытталған.