Астанада жас өрт сөндірушілер жасағының қалалық слеті болып өтті

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат – Бүгін елордада жас өрт сөндірушілер жасағының қалалық слеті болып өтті. Оған аудандық жарыстарда бірінші және екінші орындарды иеленген алты қалалық мектептің командасы қатысты.

Балалар спорттық сайыстарға, «Өрт қауіпсіздігі бойынша жас инженер» қызықты сұрақ-жауап ойынына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жарыс қорытындысында №18 орта мектептің жас өрт сөндірушілер командасы жеңімпаз атанды. № 20 және № 16 орта мектептердің командалары тиісінше екінші, үшінші орындарды бөлісті.