Астанада «Жас сарапшы-2012» республикалық байқауы өтеді

None
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Астана қаласында қазақстандық университеттердің экономикалық мамандықтары бойынша 3-4 курс студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «ЖАС САРАПШЫ-2012» республикалық байқауына арналған баспасөз конференциясы өткізіледі.

Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз конференциясына «Болашақ» Қауымдастығының атқарушы директоры Ринат Мәженов пен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ макроэкономикалық және қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеулер орталығының директоры Сара Алпысбаева қатысады.  

Баспасөз конференциясында, сонымен қатар, байқау туралы телевизиялық бейнеролик көрсетіледі.

Ұйымдастырушылар: «Болашақ» Қауымдастығы мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ.