деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиын барысында сөз алған «ҚазАқпарат» агенттігінің шығармашылық жөніндегі вице-президенті Кенжеболат Жолдыбай «Меніңше, бұны өте дер уақытында қолға алынған және қажетті іс-шара деп қабылдау керек. Бүгінде өзінің өмір жолын осы журналистика саласымен байланыстырғысы келетін жастар баршылық. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз - осындай азаматтардың ынтасын қолдап қана қоймай, олардың сол армандарының орындалуына көмектесу. Осыған орай біз де бұл мәселенің ұшы шыққаннан бастап қолдау көрсеттік. Біз бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуге әрқашанда әзірміз. Бұдан кейін де аталған мәселені ақпараттық тұрғыдан болсын, басқадай жағдайда болсын, қолдауға әзірміз», деді.
Байқаудың негізгі мақсаты - жас журналистердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, тәжірибе жинақтауға қолдау көрсету, ақпараттық кеңістік қалыптастыру, елордадағы жастар баспасөзін қалыптастыру.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Нұр Отан» ХДП Сарыарқа аудандық филиалы ұйымдастырып отырған жобаның негізгі мақсаты - қазақстандық журналистиканың кадрлық резервін қалыптастыру.
4 бағыт бойынша жүргізілетін байқауға орта мектептердің жоғары сынып оқушылары, орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Қатысушыларды іріктеу баспа ісі және PR, телерадио, WEB-журналистика және фото ісі бойынша жүргізіледі. Байқауға қатысу өтініші және байқау жұмыстары ағымдағы жылғы қазанның 15-іне дейін қабылданады.
Жалпы аталған шараға республикалық басылымдардың арасынан бірінші болып Қазақ ақпарат агенттігі қолдау көрсетсе, қазір ақпараттық қолдаушылар қатарында «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» РТРК, «Нұр медиа» холдингі, «7 арна», «31 арна» телеарналары, «Сәлем» радиостансысы, «Казахстанская правда» республикалық газеті, «Альянс KZ» жастар газеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика кафедрасы бар.