Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram желісіндегі стористе жарияланған жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға қатысты бейнероликті анықтады.
Қасақана жол ережесін бұзушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Олар 18-19 жас аралығындағы қала тұрғындары екені белгілі болды.
«Hyundai Tucson» маркалы автокөлігiнің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.
Ал «капоттағы жолаушыға» қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен оған 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасамауды ескертеді.