Құжат Астана қаласының әкімдігі тарапынан «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заңға сәйкес әзірленген.
Түсіндірме жазбада атап өтілгендей, түзетулерге 2025 жылғы 26 маусымда қабылданған заңнамалық өзгерістер негіз болған. Атап айтқанда, «астананың санитарлық-қорғау жасыл аймағы» ұғымы заң деңгейінде «астананың орман-саябақ аймағы» деп өзгертілген.
Осыған байланысты 2025 жылғы 28 қарашадағы № 348/46-VIII мәслихат шешімін жаңартылған нормаларға сәйкестендіру ұсынылып отыр.
Құжат қабылданған жағдайда, оның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдары болмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді деп күтіледі.
Жоба бойынша қоғамдық талқылау 2026 жылғы 5 мамырға дейін жалғасады.
Бұған дейін Астанада шамамен бір миллион көшет егілетіні хабарланған еді.