Астанада «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өткізілуде

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - 25 сәуірден бастап елорда аумағында полиция қызметкерлері кең көлемді «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясын өткізеді.

Бұл шара кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың полиция жұмысымен танысуы, сондай-ақ оларға қоғамдық орындар мен жолдардағы негізгі тәртіп ережелерін оқыту мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Акцияны өткізу барысында Астана қалалық ІІД-нің кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша инспекторлар жасөспірімдермен бірге уақытша ұстау абақтысына, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына, кинологиялық қызмет орталығына, патрульдік-бекеттік қызмет полкына, Астана қаласының ішкі істер департаментінің мұражайына барады.

 Экскурсияларға нашар отбасылардан шыққан балалар мен профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандар қатысады.