Астанада жасөспірімдер арасында Конституция күніне арналған хоккей турнирі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Конституция күніне арналған жасөспірімдер арасында хоккей турнирі өтеді, деп хабарлайды «Барыс» ХК баспасөз қызметі.

«22-24 тамыз аралығында елорданың «Тарлан» мұз айдынында шайбалы хоккейден 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Конституция күніне арналған республикалық турнир өтеді», делінген хабарламада.

Турнирде «Барыс-1», «Барыс-2» (Астана), «Юность» (Қарағанды), «Промсервис» (Екібастұз), «Арыстан» (Теміртау) және «Арлан» (Көкшетау) командалары бақ сынайды.

Дода екі кезеңнен тұрады: топтың және финалдық.