Астанада жасөспірімнің мүрдесі табылды

Фото: Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Мектеп оқушысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растап отыр.

«10 қыркүйекте қыз баланың мүрдесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйітін тексеру барысында көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады. Қазір өлімнің себебі анықталып жатыр, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Полиция департаментінен Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де деректер жария етілмейтіндігі айтылды.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 14 жастағы жасөспірім –елордадағы №16 мектептің оқушысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада бір топ жасөспірім оқушыны соққыға жығып, оны видеоға түсіргені туралы хабарлаған едік. 

Желіде жарияланған видеодан бір топ оқушының жасөспірімді бұрышқа тақап қойып, ұрып-теуіп жатқанын байқауға болады.