Шаралар барысында этникааралық және конфессия аралық тұрақтылықтың қалыптасу кезеңдерін түсіндіруге, сондай-ақ, жастар арасында діни сауаттылықты арттыруға басымдық берілді.
Дәрістердің мақсаты - діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын белсендіру, дәстүрлі діндер тарихы туралы ақпараттандыру, деструктивті ағымдар қызметінің мағынасын ашу, дәстүрлі діндер тарихын насихаттау болды.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған экстремисстік бағыттағы 19 ұйым бар.
Акция қорытындысы бойынша діни және конфессия аралық мәселелер саласында жұмыс істейтін кәсіптік ұйымдарға арналған әдістемелік құралдар басып шығарылады. Бұл туралы astana.kz хабарлады.