Жастар күні бойы шылым шегушілердің темекісін сүт өнімдерімен алмастырып отырды. Қала көшелерін бірнеше еріктілер тобы шолып жүр. Олар көшедегі адамдарды тоқтатып, түкке қажеті жоқ темекіні денсаулыққа пайдалы өнімдерге айырбастауды ұсынуда.
«Біз халықтың темекіге әуес бөлігін мейлінше азайту мақсатында осындай шара ұйымдастырдық», - дейді ҚазАқпарат агенттігінің тілшісіне қала көшелерінің бірінде тоқтатқан еріктілер тобының мүшесі.
Топ-топ болған волонтерлер университеттен бастап, Бейбітшілік көшесімен Гете мен Жеңіс даңғылының қиылысына дейін және университеттен бастап, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығына дейін екі бағыт бойынша жүріп өтпек.