деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатты іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісі, Орталық сайлау комиссиясы, «Нұр Отан» ХДП, Еуразия ұлттық университетінің өкілдері және сайлауға дауыс беруші жастар қатысты. «Осымен екінші рет Еуразия ұлттық университетінің студенттері өз үміткерлеріне дауыс беруге мүмкіндік алып отыр. Биыл біздің университеттен 33 үміткер сайлау бәйгесіне қатысуда. Бұған дейін олар өз факультеттерінде сайлауалды бағдарламаларын таныстырып шыққан. Енді Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүрген 9 мыңға жуық жас өз үміткерлерін анықтайтын болады», - дейді №1 сайлау учаскесінің төрайымы, университет проректоры Жәмила Нұрмамбетова.
Айта кетейік, Астана қаласы бойынша 278 үміткер тіркелген. Бүгін олардың атына дауыс беру үшін шамамен 65-70 мың жас сайлау учаскелеріне келеді деген болжам бар.