Астанада «Жастар» театры қою түтінге оранды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың өрт сөндіру қызметіне «Жастар» театрынан шыққан қою түтін туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түтін туралы хабарланды. Өртке қарсы қызмет жоғары дайындық деңгейінде аттанды. 40 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта ашық жалын байқалмайды. Өрт сөндірушілер мән-жәйды анықтау үшін ғимарт ішін шолуды бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, адамдардың эвакуациясы жүргізілген жоқ», - деп мәлім етті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.