Астанада «Жастар» театры жанып жатыр
Сарыарқа ауданында орналасқан театрда өрт бүгін сағат 16.58-де басталған.
«Есенберлин, 10 көшесіндегі үшқабатты «Жастар» театрының шатыры жанып жатыр. Жалын шарпыған аумақ алдын ала болжам бойынша 50 шаршы метрді құрайды», - деді ресми өкіл.
Тілсіз жаумен күрес жалғасуда. Оқиға орнында 16 техника мен 60 өрт сөндіруші жұмыс істеуде.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар комитеті «Жастар» театрын қою түтін басқаны туралы хабар түскенін мәлім еткен болатын. Оқиға орнына алдымен 40 адам мен 10 техника аттандырылды. Бірақ құтқарушылар ашық жалынды байқамаған. Кейін мән-жәйды анықтау үшін ғимарт ішін шолуға кіріскен.