Астанада жасырын казино анықталды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Астана қаласында химиялық тазарту қызметінің атын жамылып жұмыс істеген жасырын казино анықталды.

Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан казинода ойын автоматтары мен электронды рулетка болды. Мұндай ойындарға әуес азаматтар оған тек таныстық арқылы кіре алды. Ол жерде жасырын ойынның қатаң шарттары міндеттелді. Астана қаласының Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары жасырын казиноның қызметін әшкерелеп, он бірдей  ойын автоматы мен бір электронды рулетканы тәркіледі. Ал ойын операторынан 129 мың теңге, 200 АҚШ доллары және ойын автоматтарының 22 кілті табылды.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1 бабы - «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.