Астанада жатақхана өртенді -150 адам далада қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың қақ ортасында алапат өрт болды. Элиталық ауданда орналасқан жеке секторда 3 қабатты жатақхана жанып, 150 адам далада қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жұрт бала-шағасын ертіп оттың ортасынан әзер шыққан.

Желдің күшімен қарқын алған жалын әп-сәтте тез таралыпты. Тұрғындар бала-шағасын сүйреп жүргенде тіпті құжаттарын да алып үлгермеген. Кейбірі жеке куәліктерінің орнына тұрмыстық техникаларын көтеріп алып шыққан. Алапат өрттің кесірінен 20 отбасы далада қалды. Көбі жатақхананы жалдап тұрыпты. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Алайда, күйік шалған оншақты адам шұғыл ауруханаға жеткізілген. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

«Бұл жатақхананың қожайынын анықтап жатырмыз. Айыптыларды қатаң жазалаймыз»,- дейді Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің бастығы Бүркіт Мұқашев.