Жұрт бала-шағасын ертіп оттың ортасынан әзер шыққан.
Желдің күшімен қарқын алған жалын әп-сәтте тез таралыпты. Тұрғындар бала-шағасын сүйреп жүргенде тіпті құжаттарын да алып үлгермеген. Кейбірі жеке куәліктерінің орнына тұрмыстық техникаларын көтеріп алып шыққан. Алапат өрттің кесірінен 20 отбасы далада қалды. Көбі жатақхананы жалдап тұрыпты. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Алайда, күйік шалған оншақты адам шұғыл ауруханаға жеткізілген. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
«Бұл жатақхананың қожайынын анықтап жатырмыз. Айыптыларды қатаң жазалаймыз»,- дейді Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің бастығы Бүркіт Мұқашев.