АСТАНА. ҚазАқпарат - Түнгі сағат 02:50-де Байқоңыр ауданы Алаш тас жолында орналасқан жатақхана етіп жабдықталған контейнерлердің бірі өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Жалын шарпыған аумақ - 150 шаршы метр. Мұнда 25 адам тұрып жатқан. Олардың барлығы - қоқыс өңдеу зауытының жұмысшылары.
Өрт таңғы сағат 04:27-де ауыздықталып, 05:04-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан бір жұмысшының денесі табылды. Ол 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Тілсіз жауды ауыздықтауға астаналық өрт сөндіру қызметінің 19 қызметкері және 5 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.