Астанада жатақханада болған өрт кезінде 47 адам қауіпсіз аумаққа көшіріліп, 7 адам құтқарылды

None
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - 6 сәуір күні сағат 17.24-те Астана қаласы, Сарыарқа ауданының Тайбұрыл көшесіндегі 5 қабатты жатақханада өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жатақхананың төртінші қабатындағы пәтерлердің бірінен шыққан өрт сағат 19.18-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 33 адамы мен 7 техникасы, ҚР ТЖМ «ЦМК» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақ 16 шаршы метрді құрады. 47 адам, оның ішінде 17 бала қауіпсіз аумаққа көшірілді. 7 адам, соның ішінде 3 бала құтқарылды. Оқиға орнынан күйік шалу белгісімен 50 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.