Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жалын 04 сағат 31 минутта сөндірілді. Төтенше оқиғаны жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД өрт сөндру қызметінің 24 адамнан құралған жеке құрамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыды. 25 адам көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.