«Кеше түнде ауруxанаға түскен төрт баланың екеуінің бүгінде жағдайы қалыпқа келіп, үйлеріне жіберілді. Қалған екі бүлдіршіннің жағдайы орташа. Дәрігерлер тағы бір күн денсаулықтарын байқау үшін ауруxанада қалдырды. Өмірлеріне қауіп жоқ», - деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.
Еске сала кетсек, 9 ақпанда түнге қарай Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесінде орналасқан екі қабатты жатақхана өртенген.