Алайда, мұз қалашықты салып жатқан адамдар жаңбырға қарамастан, мұз қалашықтың ашылуына дейін (19 желтоқсан - агенттік) бүкіл жұмысты аяқтаймыз деп сендірді.
Мұз қалашықта еңбектеніп жүрген жұмысшылар ҚазАқпарат тілшісімен əңгімелесе отырып, күні-түні жұмыс істеп жүргендерін айтты.
Астана қалалық мəдениет басқармасының хабарлауынша, күн райы мұз қалашықтағы фигураларды қатты бүлдірмеген.
«Синоптиктердің болжауынша, жақын арада күн тағы да суытады. Сондықтан, мұз қалашықтың құрылысы уақытында аяқталады. Бір-екі күнгі жылы ауа райы құрылысқа қатты кедергі келтірмейді», - деді басқармасының баспасөз қызметі.