Астанада жаяу жүргіншілерге арналған жолда әйел адамды көлік қағып кетті
18:45, 22 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жаяу жүргіншілерге арналған жолда әйел адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бүгін түсте Кенесары көшесінің бойындағы «зебрадан» өтіп бара жатқан әйелді машина қағып кеткен.
Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бойынша полиция алдын ала тергеу жүргізіп жатыр.
«22 ақпан күні түскі сағат 13.40 шамасында «Лада» көлігін басқарып келе жатқан 30 жастағы ер адам Кенесары көшесінен Сембинов көшесіне қарай бара жатқанда, 34 жастағы әйел адамды қағып кетті. Зардап шеккен әйел адам ауруханаға жеткізілген, медициналық көмек алған соң, үйіне шығарылды. Қазір полиция алдын ала тергеу жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.