Астанада «Жайдарман» көңілділер және тапқырлар сайысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Астанада Конгресс-Холл сарайында «Астана қаласы әкімінің кубогы - 2015» республикалық фестивалі өтеді.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, фестивальға еліміздің әр өңірінен 15 үздік команда, 200-ден астам адам қатысады, деп хабарлады astana.gov.kz. Жалынды жастардың басын қосқан қазақша КВН жастардың сүйіп көретін және қуана ойнайтын әзіл алаңына айналады. Оның ең басты ерекшелігі - өз шығармашылығына өмірде, саясатта, жалпы қоғамда болып жатқан құбылыстарды өзек етуі және халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуы. КВН фестивалінің негізгі мақсаты - қазақ тілін кеңінен қолдану аясын көркейте түсуге және беделін арттыруға үлес қосу, жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың зерделік әлеуетін жүзеге асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру болып табылады.

Сайыс нәтижесі бойынша үздік командаларға ақшалай сыйлықтар табысталады.