Дәл осы сәтте Астана қаласының өрт сөндірушілері Алматы ауданында тілсіз жаумен арпалысып жатыр.
Б.Момышұлы даңғылы бойында орналасқан «Кувшин» мейрамханасының жанындағы жазғы дәмханадан өрт шыққан.
Төтенше жағдай департаментінің күш-құралдары жұмылдырылған.
«Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Сағат 16:14 кезінде өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 15 адам мен 3 техника жұмыс істеп жатыр.
Сағат 16:32 шамасында өрт сөндірілді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрттің себептері анықталып жатыр.