«БРТ - жылдам жүретін автобустардың көлік жүйесі. Жолаушыларға арналған жедел автобустар арнайы салынған жол жолақтарымен жүреді. БРТ Астана қаласының халықаралық әуежайы, ЭКСПО қалашығы, Әбу-Даби Плаза мен жаңа теміржол вокзалының арасын қосады», делінген хабарламада. Жаңа жүйе бетон жабынды арнайы трасса, тіршілікті қамтамасыз ету кешендерімен жабдықталған жабық стансалар, қауіпсіздік жүйелері, жолақысын электронды төлеу жүйесі, эскалаторлар мен лифттер, сондай-ақ депо мен жылжымалы составтан тұрады.
Негізгі жүретін жолдан бөлектелген БРТ автобустары жүретін арнайы жолдар жабық жолаушылар стансаларымен және жерасты жөткелдерімен жабдықталады. Нақтыланған қозғалыс уақыты аралығында бағыт ерекшелігіне сәйкес жолаушылар сыйымдылығы аса үлкен автобустар жүретін болады.
Атап өтілгендей, жолда жүру билеттері метро принципі бойынша сатылады. Жолаушылардың көліктен шығу және кіруі есебінен де қозғалыс уақыты қысқарады.
Атап өту керек, БРТ желісінің бірінші кезегінде 18 станса салынады.