Астанада жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 14 минутта келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің жедел медициналық көмек станциясы ер адам жүрек талмасынан қайтыс болған «Жастар» шағын ауданына жедел жәрдем көлігінің оқиға орнына 20 минуттан кейін келді деген хабарламаны теріске шығарды.

Олардың хабарламасында дәрігерлердің тиісті хабарды алысымен оқиған орнына 14 минутта жеткені айтылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын көшеде жүрек талмасынан қайтыс болған Астана тұрғыны жайлы хабарланған болатын. Кейіннен дәрігерлер қажетті жерге уақытында жеткені, ер адам дәрігерлердің кінәсінен қаза таппағаны анықталды.